Бөлімдер
Шұғыл

«Потап пен Настя» дуэтінің мүшесі Алексей Потапенко атағынан айырылуы мүмкін

«Потап пен Настя» дуэтінің мүшесі Алексей Потапенко атағынан айырылуы мүмкін
коллаж: instagram.com/realpotap, бильд-редактор: Милош Муратовский

Украина президенті Владимир Зеленский «Потап пен Настя» дуэтінің мүшесі Алексей Потапенконы «Украинаның еңбек сіңірген әртісі» атағынан айырмақ, деп хабарлайды Kursiv.Media.   

Униан ақпаратына қарағанда, үкіметке осындай тапсырма берілген. Зеленский Потапты «Украинаның еңбек сіңірген әртісі» атағынан айыру туралы петицияны әрі қарай қарау үшін Министрлер кабинеті мен Украинаның Қауіпсіздік қызметіне (СБУ) жолдап отыр. Тиісті петиция 25 мың қол жинаған.

«Осы петицияға қосылғандардың барлығына белсенді азаматтық ұстанымы және украиналық мәдени-ақпараттық кеңістікті ресейлік ықпал мен нарративтерден қорғауға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін алғыс айтамын», – делінген Зеленскийдің берген жауабында.

Петицияға «Потап пен Настя» дуэтінің тек украин тілінде сөйлеуді талап ететіндерге қатысты әзіл-қалжыңы себеп болған. Екеуі де «Миротворец» сайтының дерекқорына енгізілген.

Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Жоғарғы Рада Потапты «Украинаның еңбек сіңірген әртісі» атағынан айыруды қолдамаған. Ол кезде бастамашылар Потапты шетелде тұрады, орыс тілінде өнер көрсетіп, контент шығаруды жалғастырып жүр деп айыптаған. Ұсынысқа 226 дауыс қажет болған. 198 депутат қолдаған.

«Потап пен Настя» дуэтінің мүшесі Алексей Потапенко бұл атақты 2020 жылы алған еді.

Мұның алдында Владимир Зеленский «Маша мен Аю» мультсериалының авторларына ресейшіл нарративтерге байланысты санкция енгізді.

Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір