Бөлімдер
Трендтер

«Қалай сынбайсың?!»: Журналист Дана Нұржігіт ауыр күндерін еске алды (ВИДЕО)

«Қалай сынбайсың?!»: Журналист Дана Нұржігіт ауыр күндерін еске алды (ВИДЕО)

Тележүргізуші өміріндегі ең қиын сәттердің бірінде 13 жастағы ұлының өзіне үлкен тірек болғанын айтты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, бастапқыда баласы әкесінің болғанын қалағанымен, уақыт өте бұл ойынан көңілі қалған.

«Бұл өмірде тапқан олжам – ақылды бала, адал дос. Балам сол кезде 13 жаста болды. Басында “Қандай да болсын әкем болғанын тілеймін” деп айтатын. Кейін оның да көңілі қалды. Сол кезде екеуміз бір шеп болып, бірге болдық. Ол менің ең бірінші тірегім болды», – деді Дана Нұржігіт.

Алайда қиындық мұнымен бітпеген. Тележүргізуші бір кездері телефон алаяқтарының арбауына түсіп, бір күнде көлігі мен қомақты қаражатынан айырылғанын айтты.

«Бір күнде көлігімнен де, біршама ақшамнан да айырылдым. Екеуміз қара жаяу қалдық. Құдайға жалбарынып, “Көрсетпеген тағы нең қалды?” дедім», – деді ол.

Сол сәтте 13 жастағы ұлы анасына демеу болып, жүрегіне жететін сөз айтқан.

«Мама, мен сіздің көз жасыңызды да көрдім, депрессияңызды да көрдім. Бірақ мен сіздің сынғаныңызды көргім келмейді», – деген баласы.

Дана Нұржігіттің айтуынша, баласының осы сөзі оған қатты әсер еткен.

«Он үштегі балаң айтып тұрған кезде қалай сынасың?! Сол сәтте баламнан кешірім сұрадым», – деді тележүргізуші.

Дереккөз: Skif News · Назым Сапар