Бөлімдер
Трендтер

«Таланты жоқ нашақорлар»: Қайрат Әділгерейдің әйелі танымал әншілерге шүйлікті

«Таланты жоқ нашақорлар»: Қайрат Әділгерейдің әйелі танымал әншілерге шүйлікті

Бақыт Тұрман қазіргі шоу-бизнес пен көрермен талғамына қатысты ойын айтып, өнердегі танымалдық мәселесін сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында қоғамда зиянды әдеттері бар деп сипатталатын кейбір өнер өкілдерінің де көпшілік арасында танымал екенін сөз етті. Сондай-ақ жуырда өткен концерттердің бірін мысалға алып, ондағы өнерпаздың шығармашылығына қатысты сын айтты.

«Халыққа ішімдікке салынғандар мен нашақорлардың әнін тыңдап, концертіне барған ұнайды. Ештеңені жасырмай-ақ қояйық, БАҚ, халық арасында да солай айтады. Кеше ғана бір концерт өтіп, жастардың бәрін жинады. Вокал да, би де, талант та жоқ», – деп жазды Бақыт Тұрман.

Алайда өнер иесі сөз болып отырған концерттің немесе орындаушының нақты есімін атамады. Осыған байланысты оның жазбасында кім туралы айтқаны әзірге белгісіз.

Бақыт Тұрманның бұл пікірі оның әлеуметтік желідегі жеке көзқарасы ретінде жарияланды. Жазбада айтылған сипаттамалар нақты өнер адамдарына қатысты расталған дерек емес.

Дереккөз: Skif News · Назым Сапар