Бөлімдер
Шұғыл

Бізге балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ – Бүркіт

Бізге балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ – Бүркіт
фото: instagram.com/berkut_aibekjan, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Бүркіт сахналық атымен танылған Қазақстандық әнші бала тәрбиесіне қатысты пікір білдіріп, ортақ отбасылық ұстанымын айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Айбек Жансейітовтің пікірінше, ата-ана баладан бұрын алдымен өзін тәрбиелеуге тиіс. Бүркіт пен Аиша отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты осындай байлам жасаған.

«Бізге балаларды тәрбиелеудің қажеті жоқ. Біз өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Балалар бізге қарайды. Мен өзімді керемет әкемін, балаларға қандай тәрбие керек екенін білемін деп айта алмаймын. Ештеңе де білмеймін. Менде үйреніп жүрмін. Әйелім де үйреніп жүр», – деді әнші.

Бүркіттің айтуынша, олар күн сайын баланы, өздерін қалай тәрбиелеу керек екенін үйрену үстінде. Жұбайы екеуі алдымен «өзімізді тәрбиелеу керек» деген ұйғарымға келген.  

Айта кететін жайт, Айбек Жансейітов былтыр мамыр айында көпбалалы әке атанды. Әйелі Аиша төртінші сәбиін аман-есен өмірге әкелген болатын.

Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір