Желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың достарының бас қосуында ән айтып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбаны Ержан Белғозиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, денсаулығына байланысты ем қабылдағаннан кейін достарын кешкі асқа үйіне қонаққа шақырған. Сол отырыста Гүлнұр Оразымбетова көпшілікке «Сырласу» әнін орындап берген.
Ержан Белғозиев үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүріп, белін ауыртып алғанын жазған. Оның сөзінше, қозғалу қиындаған соң досы Жасан Зекейұлы келіп, ем жүргізген. Бірнеше күннен кейін жағдайы жақсарған.
Ол сондай-ақ Нұрғисаев Серікбай ағамен бірге ем қабылдағанын айтып, қазір екеуінің де денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
«Емнен кейін кешкі асқа үйге шақырдым. Денсаулықтың арқасында достарыңмен сырласып, “Сырласу” әнін айтқанға не жетсін!» – деп жазды ол.
Жазба көпшіліктің назарын аударды. Әсіресе Гүлнұр Оразымбетованың жанында отырған жолдасына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Біздің күйеу бала көңілсіз ғой», «Қызылорданың күйеу баласы неге әнге қосылмай отыр?», «Осы жылы 70-ке келеді ғой күйеуі», «Күйеуі бұрын Қызылорданың әкімі болған, осы кісіден екі ұлы бар», «Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар» деген пікірлер жазылды.
Осылайша әншінің қонақтағы бір сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Дереккөз: Skif News · Назым Сапар




