ҰҚК "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
ҰҚК-нің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, қыркүйекте ведомство Бас прокуратурамен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.
"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдіктелуде. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен", – дейді орган өкілдері.
Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы




