Өскемен қаласындағы 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бөлмеден өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ ресми Telegram-арнасында.
Ведомство дерегінше, жатақхана әкімшілігі тұрғындарды жедел эвакуациялауды ұйымдастырған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, 16 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
"Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз, электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласыңыз", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




