Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тар шеңберде кездесу өткізді. Бұл туралы хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерге қонақжайлық танытқаны және Германияға сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс айтты.
Қазақстан Президенті Германияның Еуропадағы еліміздің негізгі стратегиялық серіктесі екенін, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенім, құрмет және ортақ мүдделерге негізделгенін атап өтті.
Ол келесі жылы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 35 жыл толатынын еске салды. Осы үш онжылдықта серіктестіктің барлық спектрі бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді.
Өз кезегінде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Астана мен Берлин арасындағы көп қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ол Мемлекет басшысының ағымдағы сапары екіжақты қатынастарға қосымша серпін беріп, оларды сапалық жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан




