Бөлімдер
Трендтер

«Бұрынғыдай сұлу емессің»: Дана Нұржігіт жалғызбасты аналарға қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

«Бұрынғыдай сұлу емессің»: Дана Нұржігіт жалғызбасты аналарға қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

Тележүргізуші Дана Нұржігіт қоғамда жиі талқыланатын жалғызбасты аналар мәселесіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Дана Нұржігіт жазбасында жалғызбасты ананың жағдайына қатысты ойын білдірген.

«Жалғызбасты ана! Шындыққа тіке қарайтын болсақ, сен бұрынғыдай сұлу адам емессің. «Жалғызбасты әйелдің етегін я ел, я жел ашады» деген сөз бар. Сондықтан сөйлесіп жүрген біреуің болса, етегінен ұста да, тәуекел ет!

Ол мықты азамат, сырлас досының бұл сөзіне құлақ түрді. Бірақ бұл әңгіме үлкен қасіреттің басы болатынын ол кезде ол білген жоқ», – деп қысқа қайырды тележүргізуші. 

Айта кетейік, тележүргізуші елімізде сталкинг тақырыбын көтеріп жүрген қоғам белсенділерінің бірі. Бұл жолы ол тағы да әйелдер мәселесіне назар аударып, көпшілікті осы тақырыпқа бейжай қарамауға шақырды. 

Дереккөз: Skif News · Сағыныш Назар