Алматыда бір түнде заңды өкілсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 35-тен астам кәмелетке толмаған бала анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ге сілтеме жасап хабарлайды.
"Түнгі уақытта балалардың көшеде ересектердің қарауынсыз жүруі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Бір түннің өзінде Алматының Медеу ауданында ата-анасы немесе заңды өкілінсіз жүрген 35-тен астам кәмелетке толмаған бала анықталды.
Олардың ата-анасына қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Баланың қауіпсіздігіне, ең алдымен, ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты.
Жыл басынан бері Медеу аудандық полиция басқармасына түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 1 796 бала жеткізілген", – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері қала аумағында түнгі рейдтерді жалғастырып жатыр. Негізгі мақсат – ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қылмыс құрбаны болуына жол бермеу.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




