Бөлімдер
Пікір

Астанада кісі қолынан қаза тапқан әйел өлімінен кейін бұрынғы полиция қызметкерлері ұсталды

Астанада кісі қолынан қаза тапқан әйел өлімінен кейін бұрынғы полиция қызметкерлері ұсталды

Aстанада 30 жастағы әйелдің өліміне байланысты полицияда қызметтік тексеріс жүргізілді. Төрт қызметкер жұмыстан шығарылып, тағы бірнешеуі тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана тұрғыны бірнеше күн бұрын пышақ жарақатын алған. Өкінішке қарай, жәбірленуші көз жұмды. Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Полиция күдікті заңға сәйкес қатаң жазаланатынына сендірді.

ПД өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қызметтік тексеріс кезінде жауапты полиция қызметкерлерінің әрекетінен бұзушылықтар анықталды. Оның қорытындысы бойынша төрт қызметкер жұмыстан босатылды.

"ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне қызметтік тексеру жүргізді.

Оның қорытындысы бойынша төрт қызметкер теріс қылықтары үшін жұмыстан босатылды. Аудандық полиция басқармаларының екі бастығы мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары атқарған лауазымдарынан босатылды. Полиция департаментінің бастығы мен оның тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қызметке салғырт қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында полицияның төрт бұрынғы қызметкері ұсталды.

Тергеу жалғасуда және ол Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында", – делінген полиция хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы