Бөлімдер
Трендтер

«Сенің енеңдей ене өмірде жоқ»: Жазира Байырбекова келініне әзілмен шүйлікті (ВИДЕО)

«Сенің енеңдей ене өмірде жоқ»: Жазира Байырбекова келініне әзілмен шүйлікті (ВИДЕО)

Танымал әнші Жазира Байырбекованың келінімен бірге түскен видеосы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Әнші видеоны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеода Жазира Байырбекова келінімен әзілдесіп, оның алақанына қарап бал ашқан кейіп танытқан.

«Қолдарыңды беріңдер, қолға қарап бал ашып беремін. Сенің күйеуің тамаша адам екен. Сенің енең вообще одан да күшті екен. Сенің енеңдей ене өмірде жоқ екен. Қайдан тапқансың? Мына енең деген масқара мықты адам екен. Енесі Жазира Байырбекова өте тамаша жан», – дейді әнші.

Соңында Жазира Байырбекова:

«Қыздар, сендерге жұғысты болсын», – деді.

Желі қолданушылары видеоны күліп тамашалап, әнші мен келінінің арасындағы сыйластыққа жылы пікірлер білдірді. Көпшілік олардың қарым-қатынасы одан әрі нығая түсуін тіледі.

Дереккөз: Skif News · Сағыныш Назар