Бөлімдер
Актуалды

Тоқаев Германия Президенті мен Канцлерін бірлік күнімен құттықтады

Тоқаев Германия Президенті мен Канцлерін бірлік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцке ұлттық мереке – Германия бірлігі күніне орай құттықтау жолдады.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы бұл күн Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Дереккөз: Qazaq Today · Дана Нартаева