Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желідегі парақшасында домбырамен терме айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Терме — қазақтың ойға батырар бір құралы.
Айта алмай жүрген дүниеңді дөп басып, жүрегіңе жеткізеді. Кейде бір ауыз терме өзің айта алмаған талай ойды айтып береді.
Тыңдаған сайын өткеніңді саралап, бүгінгіңе ой жүгіртіп, ертеңіңе жауапкершілікпен қарауға шақырады", деп жазды ол.
Осы тұста желі қолданушылары домбырада "Дариға" деп ойып жазылған жазуды байқаған.
"Домбырада Дариға деп жазылып тұр ма", "Дариғаның домбырасын қайтар", "Дариғаның қадірін білмедің", "Сен де бақытты болуға лайықтысың, ішіп кетпе тек", "Қадіріңді білмеді-ау, нар аға. Жап-жас қыз алып бақытты боп кетші, бұйыртса", деді көпшілік.
Дереккөз: Skif News · Марина Ахметжанқызы




