Биылғы оқу жылын 4 млн-ға оқушы аяқтады. Оның 3 млн 200 мыңы жазғы лагерлерге барады деп жоспарланған. Бұл қатарда демалыс орындары мен қатар сауықтыру орталықтары да бар. Бұдан бөлек министрлік балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізу үшін биыл бірқатар жеңілдіктер жасағалы отыр. Серік Жұмабек рет-ретімен.

Жазғы демалыс кезінде еліміздің барлық мектеп оқушысы мұражай, театр және басқа да мәдени мекемелерге тегін бара алады. Мәдениет және ақпарат министрлігі елдегі 11 республикалық театр шілде айына дейін балаларға ақысыз қызмет көрсетеді деп отыр.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Төрт бірдей республикалық музей, атап айтқанда Астанадағы Ұлттық музей, Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей, Қастеев атындағы өнер музейі мен мәдениеттерді жақындастыру орталығында жаз бойы 150-ге жуық танымдық іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Жазғы демалыста жұмыс істеуге де мүмкіндік бар. Еңбек министрлігі іске қосқан жаңа платформа 14 тен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған. «Менің жазғы демалысым»,- деп аталады. 16 жасқа дейінгі оқушылар жүйеге ата-анасы арқылы тіркеледі. Платформа тегін.

Қанат Абдулла, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:

Биылдан бастап «Менің жазғы демалысым» атты платформа қосылып жатыр. Ол платформаға өз жеке кабинетін ашып, жұмыс орындарын іздеу арқылы, өздерінің түйіндемесін тіркеу арқылы ол жерден жұмыс іздеуге мүмкіндік береді және жұмыс берушілер де өздерінің бос орындарын сол жірге тіркейді. Сол бос орындарды оқушылар жазғы демалыста көре алады. қызығушылықтарына сай ваканцияларды таңдап, ол жерге түйіндемесін жібере алады.

Бұдан бөлек, биылдан бастап 9-11 сынып оқушыларына арналған «Mansap kompasy» платформасы іске қосылды. Сайттан елдің барлық өңіріндегі сұранысқа ие мамандықтар тізімі мен жалақысы туралы ақпарат алуға болады. Сондай-ақ оқушылардың кей санаттарына тегін оңалтудан өту мүмкіндігі қарастырылған.

Ерлан Қалмақов, ҚР Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры:

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топтар оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар, отбасының кірісі айлық есептік кірістен төмен отбасылардың балалары қарастырылған. Бұл балаларға жергілікті бюжет қаражаты есебінен сауықтыру орталықтарына тегін жолдама беріледі.

Серік Жұмабек, тілші:

Жазда студенттер мен мектеп оқушыларына арналған тегін оқу курстары да ұйымдастырылады. Соның бірі, «Skills.Enbek» онлайн оқыту платформасы. Онда 1 310 курс бар, оның 322-сі тегін, 137-сі мемлекеттік тілде ұсынылған. Еңбек министрлігі аталған платформаның ересектерге де қолжетімді екенін ескертеді.

Серік Жұмабек