Қазақстан халқы Ассамблеясы алматылық балаларға базарлық жасады, деп хабарлайды 24kz.

Мерекеге орай концерт ұйымдастырып, тәттілер таратты. Ертегі кейіпкерлері балдырғандарға мультфильмдер туралы сұрақ қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық берді. Концерттік шараға 100-ден астам ұлт өкілдерінің балалары шақырылды. Мақсат – әртүрлі ұлттар арасындағы ұйымшылдықты дәріптеу. Сонымен қатар бүлдіршіндерді отансүйгіштікке баулып, еліміздің тәуелсіздігі туралы, мемлекеттік мерекелер туралы да сұрақтар қойылды. Шара соңында кішкентай қонақтарға қаладағы ойын алаңына арналған сертификаттар да табысталды.

Расул Ахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Балаларға арналған іс-шаралар көп. Жаздық лагерьлер бар, көптеген акциялар бар. Оның ішінде мына оқу басталғанда «Мектепке жол» деген акциясы бар. Яғни, біз балалардың 1 жасынан бастап 18 жасына дейін үлкен-үлкен іс-шараларды, жобаларды арнайы өткізіп жатырмыз жыл сайын.