Қазіргі жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.


Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы кезінде жоғары кернеулі электр желісі зақымданып, жеңіл автокөліктер үшін айналма жол ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астрахан ауданы әкімдігінің мәліметінше, Староколутон ауылдық округіне қарасты Қоскөл ауылы маңындағы республикалық трассада алдын ала дерек бойынша 500 кВ жоғары кернеулі электр беру желісі тірегінің құлауы салдарынан ол жол бөлігіне түскен.

– Адам өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қазіргі жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Оқиға орнында барлық тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ведомство.