Қорғаныс министрлігі азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

2-5 маусым аралығында Қарулы күштердің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді.

Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.

"Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат – жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ, бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру. Әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылады. Азаматтардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз", — деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget