Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті.


Бүгін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өрт 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланды", – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.