Ұлттық ұландықтар мыңға жуық білім грантын ұтып алды.
Республика бойынша 910 сарбаз соның ішінде елордалық бригададан 114 жауынгер Қазақстанның Жоғары оқу орындарына түсті. Енді олар мемлекеттік гранттан бөлек тегін жатақхана мен шәкіртақыға ие болады. Және әскери кафедраларға конкурссыз қабылданып, офицер шенін алып шығады. Биыл ел бойынша 5 жарым мыңнан астам сарбаз бұл байқауға қатысуға өтініш білдірген. Нәтижесінде әскери тәртібі жақсы әрі жауынгерлік тапсырмаларды жоғары деңгейде орындаған азаматтарға тегін сертификат берілді. Айта кетейік, Қазақстан Қарулы Күштері мен университтер арасындағы бұл бастама 2023 жылдан бері жүзеге асуда.
Ерзат Бердібек, қатардағы жауынгер:
- Осы қызмет атқару барысында Отан алдындағы борышымды аяқтағаннан кейін Ұлттық Ұлан Бас қолбасшылығынан Алматы қаласы Спорт туризм академиясына түскеніме өте қуаныштымын. Мен 5573 әскери бөлімі және Ұлттық Ұлан рақмет айтамын.