Данилина жарыстың 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты .

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы, жерлесіміз ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге чехиялық Катержина Синякова американдық Тэйлор Таунсендке қарсы келді. Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық дуэт 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластар қарымта қайтарды. Үшінші, шешуші партияда Данилина – Крунич 6:2 есебімен ойынның нүктесін қойды. Осылайша сенсациялық жеңіске қол жеткізген жерлесіміз енді финалға шығу үшін Эйкери Норвегия және Эри Ходзуми жұбымен таласады.

А. Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол берді

Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол берді. Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ракеткасы ширек финалда италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездесіп, соның үшеуінде Синнер жеңген болатын. Бұл жолы да ол мықтылығын мойындата білді. Жалып есеп 6:1, 7:5, 6:0. Бір сағат 50 минутқа созылған бәсекеде Бублик 5 эйс жасағанымен, екі брейк-пойнтты пайдалана алмады. Синнер 5 эйс, 6 брейкпен көзге түсті. Италиялық теннисші финал жолдамасын әлемнің 6-ракеткасы сербиялық Новак Джоковичпен сарапқа салады. Ал Бублик әлемнің 1-ракеткасына жол бергенімен Франция ашық чемпионатында алғаш рет ширек финалға дейін жетті. ОЛ жарыс қорытындысы бойынша 440 мың еуро, сондай-ақ 400 рейтингілік ұпайға ие болды.

А. Шевченко Чехиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Шевченко Чехиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды. Қазақстанның екінші, әлемнің 103-ракеткасы жерлесіміз екінші айналымда испаниялық Алехандро Моро Каньяспен шеберлік байқасты. Кездесуде Шевченко айқын басымдық танытып, екі сетте де 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы, украиналық Виталий Сачкомен сынға түседі.

Қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты

Қостанай бірінші, Шымкент екінші. Қазақ күресінен Тобыл-Торғай төрінде өткен жастар арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған балуандар бәсекесіне елдің 20 өңірінен 350 ден аса спортшы қатысты. Жарыстың алғашқы күні 90, 100, 100 келіден жоғары салмақтың кіл мықтылары анықталды. Екінші күні 66, 74, 82 келінің спортшылары белдесті. Жарыстың соңғы күні 55, 60 келінің және түйе балуанның есімі белгілі болды. Біріншіліктің нәтижесінде Қостанай облысының спортшылары 4 алтын, 1 күміс, қос қоламен көш бастады. 2 алтын, 4 күміс, 6 қоласы бар Шымкенттіктер екінші, үздік үштікті 2 алтын 1 қоламен Жетісу облысының жастары түйіндеді.

Мылтықбай Абдуаитов, қазақ күресінен "Тобыл-Торғай тарландары" федерациясының вице-президенті: