2030 жылға қарай Ауғанстан астанасы Кабулда су сарқылып , 7 млн тұрғын таза ауыз суға зәру болады.
Халықаралық үкіметтік емес "Мерси Корпс" ұйымының баяндамасы осыған саяды. Кейінгі 10 жылда шаһардағы жер асты суларының деңгейі 30 метрге түсіп кеткен. Сондай-ақ құдықтардың жартысы тартылып қалған. Бұған өңірлерден Кабулға халықтың ағылуы және жаһандық климаттың өзгеруі ықпал етіп отыр. Егер шаһар тұрғындары тіршілік көзін үнемді пайдаланбаса, алдағы 5 жылда ауыз суға мұқтаж болып қалады, дейді сарапшылар.