АҚШ-та тұратын қазақ Диас Мырзалиев Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктер туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап .
Автордың жариялаған видеосынан бөтеннің мүлкін қиратып, өртеп жатқан ашулы шерушілерді және оларға қарсы резеңке оқ атып жатқан әскерилерді көруге болады. Көшеде тұрғындары топтасып жүр, жалаңаш әйел жол ортасында лозунгтар көтеріп, ұрандауда. Тәртіпсіздіктерді камераға түсіріп жүрген азаматтар да жетерлік.
«Барлығы 6 маусымда басталды. Сол күні көші-қон қызметі (ICE) Fashion District ауданында және Home Depot маңында рейдтер жүргізді. Ондаған адам ұсталды. Бұл оқиға халықтың наразылығын туғызды. Полицияның қысымына, жаппай ұстауға, көші-қон саясатына қарсы болғандар көшеге шықты. Ал келесі күні, 7-маусымда, жағдай одан сайын ушығып кетті. Парамаунт пен Комптонда жаппай наразылық басталып, полициямен және федералдармен қақтығыстар болды, жарық-шу гранаталары, көзден жас ағызатын газ, резеңке оқтар қолданылды», — деп сипаттады Диас Мырзалиев.
Ол өзінің наразылыққа қатыспағанын, тек болып жатқан жағдайды камераға түсіру үшін шыққанын айтады.
«Бұған жауап ретінде Трамп губернатормен келіспей жатып, жарлыққа қол қойып, қалаға Ұлттық гвардияның екі мың сарбазын кіргізді. Оның шешімі сынға ұшырап, жергілікті билік саяси қысым және штаттың құқықтарын тікелей бұзу деп қабылдады. Көшеге шыққандар бірнеше қарапайым талап қойып отыр: бейбіт мигранттарға қарсы рейдтерді тоқтату, көші-қон жүйесін реформалау және адам құқықтарын құрметтеу», — деп жазды отандасымыз.
Еске салсақ, бірнеше күннен бері Лос-Аджелесте халық наразылығы тоқтамай тұр. Трамп әкімшілігінің иммиграциялық саясатына қарсы болғандар көшеге шыққан. Лос-Анджелес полициясы наразылық кезінде кемінде 39 адамды тұтқындады, бірнеше митингіні «заңға қайшы» деп таныды. Трамп наразылыққа шыққандарды «бүлікші топтарға» теңеп, тәртіпті күшейтуді талап етті. Ақ үй бейбіт шерулерді бұзғандарды қатаң жазалауды қолдайтынын жеткізді. Пентагон жағдай ушығатын болса, қосымша әскер жұмылдыруға дайын екенін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Диас Мырзалиев (@disa_007.kz)