АҚШ-та иммигранттарды қолдаушылар шерулері 10 қалада өтіп жатыр. Солардың қатарында Лос-Анджелеспен бірге Нью-Йорк, Атланта, Чикаго, Филадельфия, Даллас, Остин, Сан-Франциско бар. Соңғы мәліметке қарағанда, Техасқа да ұлттық гвардия жауынгерлері кіргізілетін болды. Бұл ақпаратты осы штаттың губернаторы Грег Эббот растады. Ал Лос-Анджелестің орталығына коменданттық сағат енгізілсе де, наразылық тоқтамай отыр. Ондаған адам тұтқындалған.

Айта кетейік, бұл қалада иммиграциялық қызметтің мигранттарды тұтқындау рейдтеріне қарсы демонстрациялар бес күн бұрын басталды. Тәртіпсіздіктерге ұласқан шерулерді тарату үшін президент Дональд Трамп Лос-Анджелеске ұлттық гвардияның мыңдаған сарбазымен бірге теңіз күштерінің 700-дей қызметкерін жөнелтті.

Арай Төлегенқызы