Алматы қаласының прокуратурасы мен TELE2/ALTEL байланыс операторының бірлесуімен «SIM KIDS» атты балаларға арналған арнайы SIM-карта жобасы ресми түрде қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба балаларды интернеттегі зиянды және деструктивті контенттен қорғауға бағытталған. Бұл бастама Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес әзірленген 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында жүзеге асып отыр. Жоспар балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған.
«SIM KIDS» SIM-картасы ата-аналарға баланың онлайн әрекеттерін бақылауға, зиянды сайттар мен қосымшаларды автоматты түрде бұғаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дыбыссыз режимде болса да байланыс үзілмейді.
Пилоттық кезеңнен сәтті өткен жоба бүгінде барлық ата-аналар үшін қолжетімді.