Бөлімдер
Пікір

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады, деп хабарлайды 24kz.

Нақтырақ айтсақ, құрылыс «Нұр жолы» өткізу бекетінің айналасында жүргізілмек. Мұны Премьер-министр бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесуінде талқылады. Людо Саренс ынтымақ орнатуға әзір. 50 млн долларға жуық инвестиция құюға да қарсы емес. Жоба бойынша ұзындығы 3 шақырымнан асатын, ені 12 метр айналма жол салынады. Бұл 100 тоннадан артық ірі габаритті жүктерді өткізуге қолайлы. Сондай-ақ 81 гектар аумаққа көлік тұрағы жоспарланып отыр. Нәтижесінде шекара маңы инфрақұрылымы кеңейіп, көлік ағындарына жүктеме азаяды.