«Заң және тәртіп» апталығында келушілер құқықтық кеңес алды.
Қабылдауға мектеп оқушылары да қызығушылық танытқан. Көбі келешекте мамандығын құқық қорғау органдарымен байланыстырғысы келетінін айтты. Жиында әділдік, адалдық және парасаттылық тақырыптары қозғалды. Құзырлы орган мұндай шаралар жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың құқықтық сауаттылығын арттырады.