Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Шерзат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсіргенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, бірінші инстанциядағы сот үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген. Осы күннен бастап сотталғандардың судья шығарған шешімге шағымдануға 15 күн уақыты бар.

"Бүгінде сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан, Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқасының бәрінен апелляциялық шағым түскен", – деді адвокат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri)

Айта кетейік, 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.

Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.

Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget