Павлодар облысы, Успенка ауданының «Мансап орталығы» филиалының екі бірдей маманы ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша сотталды. Олар шет елден қоныс аударған қандастарды және оңтүстік аймақтардан солтүстікке көшіп келуді жоспарлаған жерлестерімізді арзан үй алып береміз деп сан соқтырған. Мәселен, арзан баспана тауып, оны сатып алу-сату шартында 8 млн. теңге деп көрсетіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы төленетін жәрдемпұлды өз қалталарына салып отырған. Олардың бұл қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 144 миллион теңге көлемінде залал келді. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сотта зерттелген құжаттамалық, заттай және басқа да деректермен дәлелденді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ

Агидель Ыбраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, кәмелетке толмаған балалардың болуын, кінәсін мойындауын ескере отырып, сот Ө.-ге 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Ж.-ға ірі мөлшерде залал келтіруге әкеп соққан қылмыстың тек 1 эпизоды бойынша – сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Болат Аманбай