Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жастармен жұмыс күшейтіледі, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінде өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждерде 30 мыңдай студент білім алады. Ең бастысы, жастардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттер арасында еріктілер тобы жасақталып, олар әділетті қоғам құруға атсалысатын болады. Бұл туралы Қарағандыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидың қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің көшпелі отырысында айтылды. Жиында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бойынша шешімін күткен мәселелер талқыланды.
Жазира Жылқышиева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері:
- Осындай көшпелі отырыстар қоғамдық кеңестің бастамасымен әр өңірде өтуде. Өткен айда Атырау облысында өткіздік, бүгін Қарағанды облысында. Ең басты мәселе – қандай жұмыстар атқарылып жатыр, қандай мәселе бар, соны талқыладық және шешім жолдарын талқыладық.