Атырауда он жастағы бала лифтіге мінбек болған сәтте шахтаға құлап кетті. Абырой болғанда, аман қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға кезінде бала велосипедімен лифтіге кірмек болады. Алайда есіктер автоматты түрде жабылып, өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен кабина арасына қысылып қалады. Лифт жоғары қозғалғанда, бала велосипедке жармасып, жоғары көтеріледі. Бір сәтте қолы тайып, ашық тұрған шахтаға құлап түскен.
Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жарақат жоқ.
Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр.