Қырғызстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында сыртқы саяси ведомство басшылары халықаралық және өңірлік жағдай жөнінде, оның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне әсері туралы пікір алмасты. Келелі кеңесте тараптар терорризмге бастайтын радикалды күштердің әрекетіне қарсы күш біріктіруге келісіп, халықаралық ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша арнайы мәлімдеме қабылдады.
Жээнбек Құлубеков, Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі:
- Қазіргі халықаралық ахуалдың тұрақсыздығын ескерсек, ұйым үшін ұжымдық қауіпсіздік мәселесі басым бағыт қана емес, нағыз стратегиялық мәні зор мәселеге айналды. Жаһанды алаңдатқан күрделі жағдайлар Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік аспектілеріне қатысты өзара келісілген ортақ позицияның қажеттігін көрсетті. Сондықтан қабылданған шешімдер ықпалдастықты арттыруға негіз бола алады.
Шолпан атадағы жиында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығы құрылатыны айтылды. Қырғызстан сыртқы істер министрі «біз тәжірибе алмасуды, бірлескен жаттығулар өткізуді, сондай-ақ басқа халықаралық және өңірлік ұйымдармен әріптестікті кеңейтіп, практикалық ынтымақтастықты тереңдетуді қолдаймыз», деді. Осы орайда, Ұжымық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанқай Ынтымықтастық Ұйымы және ТМД арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасы қабылданды. Еске салайық, биыл аталған ұйымға, Қырғызстан төрағалық етеді. Келесі келелі кеңес 2025 жылдың төртінші тоқсанында Бішкек қаласында өтеді.