«Хамас» қозғалысы Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсыныспен келісті.
Уағдаластыққа сай бітім 60 күнге созылып, қарулы топ қолындағы тұтқындарды босатуы тиіс. Қозғалыс, Израильмен дереу тікелей келіссөз бастауға келісім берген. Құжатты екі соғысушы тарап арасында арағайындық жасап жүрген Катар мен Мысыр табыстады. Бұған дейін атысты тоқтату туралы ұсынысты Израиль билігі қабылдаған. Тел-Авив күштері кейінгі апталарда Газадағы әскери қиымлдарын үдетіп, бейбіт халық арасында өлім-жітім күрт көбейді. Кейінгі бір тәулікте еврей елі әскерінің шабуылдарынан 80 палестиналық қаза тапты.