Израиль армиясының Газа секторына жасаған соққылары салдарынан бір тәулікте 78 палестиндік қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Катарлық Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, израиль әскері палестин анклавын бомбалап жатыр, бір тәулік ішінде 78 адам қаза тапқан.
Сондай-ақ, Al Jazeera мәліметінше, кейінгі бірнеше аптада Газа секторында 700-ден аса палестиндік азық-түлік көмегін алмақ болғанда қаза тапқан. Газа денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сүйенсек, Израиль билігі АҚШ-тың қатысуымен құрған Гуманитарлық көмек қоры (GHF) арқылы таралатын көмекті алу кезінде 743 тұрғын қаза тауып, 4,8 мыңнан аса адам жараланған.
Газа министрлігінің дерегі бойынша, Израиль мен Газа арасындағы соғыс басталғалы бері 57 300-ден аса адам қаза тауып, 136 мыңға жуық адам жарақат алған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!