Халықаралық цифрлық технологиялар байқауында қазақстандық IT жоба үздік деп танылды. Президент Іс басқармасының Инженерлік-техникалық орталығы әзірлеген бұл бағдарлама деректерді талдап, мониторинг жасауға көмек береді. Яғни, халықтың мемлекеттік қызметті жедел әрі сапалы алуына бағытталған. Жаңа жүйе әзірге тек Президент Әкімшілігі мен Іс басқармасында жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта республикалық деңгейді қамтиды деген жоспар бар. Айта кетсек, халықаралық цифрлық технологиялар байқауына биыл 1 мыңдай айти маман қатысуға өтінім берген. Соның ішінде 360 жоба іріктеліп, финалға үздік 5-еуі ғана өтті.
Жанел Өтеулі