12 шілдеде Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Кей қалада жаңбыр жауып мен найзағай соғады деп күтілсе, елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық сақталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астана — бұлт аралас, кей кездері жаңбыр жауады, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +12-14°, күндіз +22-24°.
Алматы — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 3-8 м/с. Түнгі температура +13-15°, күндіз +29-31°.
Шымкент — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 8-13 м/с. Түнде +18-20°, күндіз +35-37°.
Ақтөбе — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел 7-12 м/с. Түнгі ауа температурасы +19-21°, күндіз +33-35°.
Ақтау — аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, 5-10 м/с. Түнде +23-25°, күндіз +35-37°.
Атырау — ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнгі температура +26-28°, күндіз +37-39°.
Жезқазған — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 6-11 м/с. Түнде +20-22°, күндіз +32-34°.
Қарағанды — бұлтты, түнде жаңбыр жауады, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан және батыстан жел 7-12 м/с. Түнгі температура +16-18°, күндіз +25-27°.
Көкшетау — бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Түнде +13-15°, күндіз +20-22°.
Қонаев — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Түнде +13-15°, күндіз +31-33°.
Қостанай — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с. Түнде +14-16°, күндіз +25-27°.
Қызылорда — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Түнгі температура +20-22°, күндіз +37-39°.
Павлодар — бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай соғады. Батыстан соққан жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде +16-18°, күндіз +23-25°.
Петропавл — бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнгі ауа температурасы +14-16°, күндіз +19-21°.
Семей — бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +13-15°, күндіз +28-30°.
Талдықорған — бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан жел 7-12 м/с. Түнде +11-13°, күндіз +30-32°.
Тараз — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с. Түнде +14-16°, күндіз +32-34°.
Түркістан — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с. Түнде +19-21°, күндіз +36-38°.
Орал — бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел 3-8 м/с. Түнде +22-24°, күндіз +36-38°.
Өскемен — бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел 5-10 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Түнде +13-15°, күндіз +26-28°.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!