Биыл ауа райының тым құбылмалы болуына байланысты егіс алқаптарын суару кезеңі ерте басталды. Бірақ қазір бірқатар өңірде, әсіресе Қызылорда мен Түркістан облыстарында су тапшылығы байқалады. Су ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірге аранайы барып, жағдайды бағамдады. Шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Суды кезең-кезеңімен беру арқылы тапшылықты жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ министрлік егін алқаптарында су үнемдеу технологияларын жүйелі енгізіп жатыр. Былтыр 150 мың гектарға жуық жерге тиімді суару әдістері қолданылған. 2030 жылға дейін бұл көрсеткіш 1,3 млн гектарға жеткізіледі — дейді ведомство өкілі.
Сәкен Әтел, Қр Су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
Өткен аптада министр Мақтаарал және Жетісай аудандарына іссапармен барып, шаруалармен кездесті. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір су алдымен мақта алқаптарына, кейін күріш егістіктеріне беріледі. Қазіргі уақытта Достық каналы арқылы аталған аудандарға секундына 90 текше метр су жеткізілуде.
Динара Жарқынбек