Павлодарда 34 жастағы әйел үйдің бесінші қабатының терезесінен 2 баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.
Бір жасар сәбидің жағдайы өте ауыр. Оның бас сүйегіне үлкен зақым келген. 8 жасар бала да басынан жарақат алған. Жамбасы сынып, ішкі ағзалары зақымдалған. Анасының да халі мүшкіл. Ол да бас-ми жарақатын алған және аяғы сынған. Дәрігерлер қажетті ем-дом көрсетіп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.