15 мемлекет Палестинаны мойындауға үндеді. Бұл туралы Таяу Шығыстағы жағдайға арналған Нью-Йорктегі конференцияда жарияланды. Бірлескен мәлімдемеде екі мемлекет негізіндегі шешімді қолдау қажеттігі айтылды.

Қатысушы елдер бұл қадамды аймақтағы бейбітшілікке қол жеткізудің негізгі алғышарты дейді. Сосын қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді жақтайтынын білдірді. Өткен аптада Франция қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаны мойындайтынын алғаш болып мәлімдеген еді. Бірақ бұл шешімді АҚШ пен Израиль сынға алды. Ал бір күн бұрын Ұлыбритания да Палестинаны мойындау жоспарын жариялады.