Биыл шілдеде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала тұрғынына үкім шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол аса ірі көлемдегі есірткіні контрабандалық жолмен өткізгені және сатқаны үшін кінәлі деп танылды. Айыпталушы есірткі және психотроп заттарды шекара арқылы заңсыз өткізіп, оларды халықаралық пошта сәлемдемесіне жасырғаны анықталды.

Тыйым салынған заттар Таиланд корольдігінен Cheddar ірімшігі түрінде жеткізілген. Күдікті сәлемдеме ішіндегі заттарды басқа адамдарға беруді жоспарлаған.

Құқық қорғау және кеден органдарының үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде бұл әрекет әшкереленген.

"Қала тұрғынына 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", — деп жазылған сот мәліметінде.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget