Елімізде осыдан дәл отыз жыл бұрын Семей полигонындағы соңғы ядролық заряд жойылды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл 1991 жылы сынақ алаңын жабу туралы шешімнің соңғы нүктесі еді. 1995 жылы қазақ даласындағы қауіптің қарудың барлығы Ресей аумағына шығарылды. Келесі жылы стратегиялық бомбалаушы ұшақтар ел аумағынан аластатылды. Семей аймағында 1949 жылдан бері 456 жарылыс жасалған. Оның 116-сы жердің бетінде өтті. 18 млн гектар аумақты алып жатқан сынақ алаңында 40 жыл бойы бомбалар сыналды.
Болатбек Әбдікәрім, «Семей ядролық полигоны» қоғамдық қорының төрағасы:
- Қазақстан жерінде бүкіл дүниежүзіндегі 4-ші арсенал болды. Семей полигонының қуаты Жапонияға тасталған атом бомбасынан бес есе артық, Чернобыльдан жиырма бес есе артық. Оны ғалымдар дәлелдеген. Бұл 24 мың жылдан 100 мың жылға дейін әсері бар.