Алматы облысының мектептері мен колледждерінде құқықтық мәдениет бойынша қосымша сабақтар өтеді.
Мұндай жаңашылдық жаңа оқу жылынан бастап Президенттің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында енгізіледі. Пилоттық жобаның алғашқы кезеңіне Талғар ауданына қарасты 10 мектеп пен үш колледж қатысады. Сөйтіп құқықтық мәдениетті 7-10-сынып оқушылары меңгереді. Ал арнайы сабақтарды прокуратура мен полицияда қызмет еткен тәлімгерлер жүргізеді. Жоба сәтті жүзеге асса, елдің барлық өңіріндегі білім ошақтарына енгізу жоспарланып отыр.