Дональд Трамп, Никол Пашинян және Ильхам Әлиев Вашингтонда үш жақты кездесу өткізеді.

Бұл туралы Армения Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу аймақтағы бейбітшілік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ереван мен Баку бейбіт келісімге келуді көздейді. Бұған қоса Армения премьер-министрі Ақ үйде Дональд Трамппен жеке кездесу өткізбек. Тараптар Армения мен АҚШ арасындағы екіжақты серіктестік мәселесін талқылайды.