Алматыда бұтақ құлап, салдарынан бір адам қаза тапты. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 13 тамызда сағат 12 шамасында Qarasai Park тұрғын үй кешені маңында, Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында болған.
Алдын ала ақпарат бойынша сынған ағаш бұтағы қызға құлаған.
Tengrinews.kz
Қазір оқиға орны қоршалған. Марқұм жақын маңдағы кеңседе есепші болып жұмыс істеген. Оқиға болған кезде ол әріптесімен бірге кеңсеге келе жатқан. Екінші қыз қашып үлгерген.
27 жастағы марқұмның артында алты жасар баласы мен күйеуі қалды.
Алматы ПД баспасөз қызметі Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!