Бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 8 тамыздағы бұйрығымен нысанды киім үлгілерін, оны киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны кию қағидаларын бекіту туралы бұйрықты жаңартты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлерге арналған нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді:

  • ерлерге арналған шалбары бар пиджак (пиджак көк түсті, шалбары сұр түсті) ;
  • ерлерге арналған қысқа жеңді жейде;
  • ерлерге арналған ұзын жеңді жейде;
  • галстук;
  • қысқа жеңді сұр және ақ түсті поло;
  • ұзын жеңді сұр және ақ түсті поло;
  • шалбары бар камуфляж;
  • кардиган;
  • болонь күрте (көктем–күз);
  • шалбары бар қысқы ұзын күрте;
  • сигналдық кеудеше;
  • белдік;
  • қысқы тоқыма құрақшын;
  • бейсболка;
  • фуражка;
  • ерлерге арналған табиғи былғарыдан жасалған қысқы бәтеңке;
  • жазғы аяқкиім (мокасиндер).

Әйелдерге арналған нысанды киім жиынтығына мыналар кіреді:

  • әйелдерге арналған юбкасы бар пиджак (пиджак көк түсті, юбкасы сұр түсті);
  • әйелдерге арналған классикалық сұр түсті шалбар;
  • әйелдерге арналған ұзын жеңді ақ түсті жейде;
  • әйелдер арналған қысқа жеңді ақ түсті жейде;
  • қысқа жеңді сұр және ақ түсті поло ;
  • ұзын жеңді сұр және ақ түсті поло ;
  • шалбары бар камуфляж;
  • кардиган;
  • болонь күрте (көктем–күз);
  • шалбары бар қысқы ұзын күрте;
  • сигналдық кеудеше;
  • құлақшын;
  • кепка;
  • сұр түсті берет;
  • әйелдерге арналған табиғи былғарыдан жасалған қысқы бәтеңке;
  • әйелдерге арналған жазғы туфли.

Нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің тізбесі:

  • Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлімшенің басшысы.
  • Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлім басшысының орынбасары.
  • Кеден саласындағы уәкілетті органның бас сарапшысы.
  • Кеден саласындағы уәкілетті органның сарапшысы.
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы.
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының кеден саласына жетекшілік ететін орынбасары.
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органындағы кеден саласына жетекшілік ететін бөлімшенің басшысы.
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының кеден саласына жетекшілік ететін бас маманы.
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының кеден саласына жетекшілік ететін жетекші маманы.
  • Кеден бекетінің басшысы.
  • Кеден бекеті басшысының орынбасары.
  • Кеден бекетінің бас маманы.
  • Кеден бекетінің жетекші маманы.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын басшы.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын басшының орынбасары.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын бас маман.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын жетекші маман.

Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады. Нысанды киіммен қамтамасыз ету кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының есебінен жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлеріне берілетін нысанды киім кеден ісі саласындағы уәкілетті органы ведомствосының меншігі болып табылады және қызметкерді жұмыстан босату кезінде қайтарылуға жатады. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде нысанды киім киюге міндетті.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің нысанды киімі.

Жапсырма ортасында мемлекеттік кірістер органдарының логотипі бейнеленген, үстіңгі бөлігінде – "QAZAQSTAN" (2-сурет), төменде "MEMLEKETTIK KIRISTER ORGANDARY" деген жазуы бар, қара түсте қалқан нысанда, мөлшері 100 х 80 миллиметр материал тәріздес негізде дайындалады. Жазба мен логотип пиджак пен жейде қалтасының қақпасына алтын түсті жібек жіппен кестеленіп тігіледі. Белгідегі алтын түсті суреттер тоқу тәсілімен жасалады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын және нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің нысанды киімінің айырым белгісінің үлгісі.