«Қызылорда-Жезқазған» жолының Ұлытау облысына тиесілі бөлігінде жаңғырту жұмыстары қарқын алды.
Жолдың негізгі табаны нығыздалып, Қызылорда шекарасынан бастап асфальттың алғашқы қабаты төселіп жатыр. Жұмыс барысымен өңірге барған Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Сатыбалдин танысты. Мердігерлермен тілдесіп, жұмыстың сапалы орындалуын және қоршаған ортаға тиетін әсерін естен шығармауды ескертті. Ұзындығы 208 шақырым күре жолды жөндеуге шетелдік 4 компания тартылған. Жалпы саны мыңға тарта жұмысшы мен 500-ден астам техника жұмылдырылған.
Ерболат Сатыбалдин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бірнеше сұрақ болды. біреуі мынау жолдың негіздемесін салу кезіндегі жолдың негізін суару және таптаудың сапасына байланысты. Одан кейін пайдаланып жатқан қиыршық тастың проектіге сай келуі, содан кейін айналма салынған қосымша жолдардың суарылуы. Тасып жатқан жүк көліктерінің қоршаған ортаға әсері. Осы сұрақтар бойынша «Қазавтожол» өкіліне бірнеше сұрақ қойып, ескертпелерімізді бердік.