Қазақстан-Ресей шекарасының кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына қиындық туындауы мүмкін. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шекара қызметі мәліметінше, Қостанай облысының Желқуар, Аят, Обаған, Ақбалшық және Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар өткізу пункттерінде көліктердің өтуі кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.
"Бұл жағдай Ресейдің Мариинский, Николаевка, Звериноголовское, Воскресенское және Казанское өткізу пункттерінде жөндеу жұмыстары (2025 жылғы 15 тамыздан бастап) жүргізілуіне байланысты болып отыр", — деп жазылған хабарламада.
Мәліметке сүйенсек, басқа пункттер тұрақты режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеу енгізілмеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз