Қарасай батыр көшесіндегі аялдамада бір топ жасөспірім қыз еш себепсіз қоғамдық мүлікті тепкілеп, секіріп, сындыруға тырысқан. Жанында тұрған жігіт болса, аялдамада жатып алған , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған кадрлардан олардың аялдаманы аяусыз тепкілеп, қолмен ұрып, секіріп жатқанын көруге болады. Көрген жұрт «Мынау масқара!», «Тәртіп жоқ», «Ата-аналары қайда қарап отыр?» деп ашулануда.
Пікірлер екіге бөлінді: бірі – қыздардың ата-анасын қатаң жауапқа тартуды, айыппұл салуды талап етсе, енді бірі – мұндайларға қоғамдық жұмыстарды міндеттеу керек дейді. «Қазір мектепте де, көшеде де балаларды ешкім тежемейді» деген пікірлер де жиі жазылды.
Мамандар вандализм – әкімшілік құқық бұзушылық екенін, бұл үшін айыппұл немесе түзету жұмыстары қарастырылғанын еске салады. Ал полиция әзірге бұл жағдайға қатысты ресми мәлімет берген жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от АСТАНА | ЖАЛОБЫ | ОТЗЫВЫ ????????????️ (@zhaloby.astana)