Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімдерімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Қанат Ниязбеков Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!