Қазан айында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
– Бұл мәселе жақында екі мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуінде көтерілді. Қазіргі уақытта тараптар сапардың нақты мерзімі мен оның мазмұнын талқылап жатыр, — делінген хабарламада.
Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған болатын. Онда екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі мемлекеттің одақтастық қарым-қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.